5-сынып. Бала енді «кішкентай» емес, бірақ «үлкен» де емес. Талап күшейді, пән көбейді, мұғалім ауысты. Математикадан «4» алады, бірақ өзі «5» алғысы келеді. Қосымша сабаққа баратын уақыт жоқ, репетитор қымбат. Өзі дайындалғысы келеді, бірақ неден бастарын білмейді. Оқулықты ашып, 50 есеп шығару жалықтырады. Керек нәрсе – жүйе және мотивация. Ойын арқылы оқыса, нәтиже басқаша болады.
Ойын жүйесін мектепке қалай әкелеміз? Өте оңай. Айына 2-3 рет тақырыптық олимпиададан өту. Мысалы, «Жай бөлшектер» тақырыбы өтті. Сол тақырыпқа арналған 20 минуттық тест.
https://tiokz.com/ сайтында 5-сыныпқа арналған барлық негізгі тақырып бар. Бала тестті өтті, нәтижесін көрді. 10 сұрақтың 7-еуіне жауап берді. Қайсысынан қателесті? Жүйе бірден көрсетеді. «Бөлшектерді салыстыру» деген тақырыпты қайталау керек екен. Болды. Келесі жолы сол тақырыпты оқып барып, тестті қайта өтеді. Осылай нүктелі жұмыс істейді.
Бір тоқсанда осындай 6-7 тест өтті делік. Әр тесттен кейін бір сертификат. Тоқсан соңында папкада 7 сертификат. Бұл – «мен еңбектендім» дегеннің дәлелі. Мұғалімге көрсетуге болады, ата-ана мақтанады. Ең бастысы, баланың өзінде «мен осы тақырыпты білемін» деген нақты сенім пайда болады. Бақылау жұмысында қобалжымайды. Себебі ол бұған дейін 100 рет таймермен есеп шығарып үйренген. «Төрттің орнына беске қалай шығамын?» деген сұрақтың жауабы – тұрақты, кішкентай қадамдар. Оларды бүгіннен бастауға болады.